Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр жеңімпазға 5 млн: "Айбоз" әдеби сыйлығына өтініш беру 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Әр жеңімпазға 5 млн: "Айбоз" әдеби сыйлығына өтініш беру 1 қыркүйекке дейін жалғасады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтініш түскен, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның ішінде "Үздік проза" номинациясына – 26 шығарма, "Үздік драма" – 2 өтінім, "Үздік поэзия" - 21, "Үздік әдеби сын" аталымы бойынша – 1 өтінім, "Үздік әдеби аударма" - 4, "Үздік балалар әдебиеті" - 8, "Үздік комикс" - 2 өтінім.
Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған. Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.
"Айбоз" – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық.
"Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сонымен қатар қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызық әрі заманауи шығармалар жол тартады",- деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.
31 шілде 2023 ж. 246 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930