Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын белгі» иегері атанған 14 талапкер полиция мамандығын таңдады

«Алтын белгі» иегері атанған 14 талапкер полиция мамандығын таңдады

14 «Алтын белгі» иегері және қаза тапқан полицейлердің балалары конкурстан тыс Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының курсанты атанды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Жаңа ережеге сәйкес ведомстволық оқу орындарына қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары және шекті балл деңгейін жинаған Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткергендер, «Алтын белгі» иегерлері және ҰБТ-да кемінде 100 балл жинаған талапкерлер конкурстан тыс түсе алады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметкерлерді іріктеу және даярлау сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, полиция ведомствосының жоғары оқу орындары үшін білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілді. Енді оқыту жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, жедел-криминалистикалық, қылмыстық-атқару қызметі, сотқа дейінгі тергеу, ІТ-криминалистикалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік, ақпараттық жүйелер мен технологиялар, педагогика және психология сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі», - А. Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, 17-26 шілде аралығында ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу үшін өтінімдер қабылдау және конкурстық іріктеу өтті. Іріктеуге Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларындағы 800 орынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500 талапкер қатысты.
«Конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 «Алтын белгі» иегері, ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің үш баласы бар», - деді ведомство өкілі.
31 шілде 2023 ж. 142 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 69

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930