Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-да 100 балл жинаған түлектер ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс түсе алады

ҰБТ-да 100 балл жинаған түлектер ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс түсе алады

Оларға дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру міндеттелмейді.
Ішкі істер министрлігі мектеп түлектерін ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ынталандыру мақсатында бірқатар азаматтардың санатына конкурстан тыс оқуға қабылдау мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ішкі істер министрінің бұйрығының жобасынан белгілі болды.
Атап айтқанда, мұндай басымдық келесі санаттарға беріледі:
"Алтын белгі" иегерлері;
ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған түлектер;
қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары;
Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген кандидаттар.
Бұл санаттарға жататын азаматтар дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырмайды және оқуға конкурстан тыс қабылданады.
"Жеңілдіктер ішкі істер органдары қатарына эрудитті полицейлермен кадрларды жинақтау мен үлгерімі үшін оқудан шығарылған курсанттардың санын азайту үшін жасалады" делінген бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.
Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурс аясында басымдық беріледі.
Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 3 шілдеге дейін.

20 маусым 2023 ж. 132 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 78

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930