Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІО-ның қаза тапқан қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс курсант атанды

ІІО-ның қаза тапқан қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс курсант атанды

Конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 “Алтын белгі” иегері, ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің үш баласы бар.
Ведомстволық бакалавриаттың артықшылығы – тәжірибе мен теориялық білімнің қатар жүруі. Осыған байланысты биыл ІІМ бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен Алматы және Қостанай академияларында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау қайта басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа ережеге сәйкес ведомстволық оқу орындарына қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары және шекті балл деңгейін жинаған Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткергендер, "Алтын белгі" иегерлері және ҰБТ-да кемінде 100 балл жинаған талапкерлер конкурстан тыс түсе алады.
17-26 шілде аралығында ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу үшін өтінімдер қабылдау және конкурстық іріктеу өтті. Іріктеуге Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларындағы 800 орынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1 500 талапкер қатысты. Айта кету керек, биыл ЖОО-ға түсудің барлық процесі алғаш рет ата-аналар мен талапкерлердің жақындары үшін ашық болды.
"Біз бәрі адал өтті деп нақты айта аламыз. Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз. Талапкерлерді қабылдау науқанының ұйымдастырылуы мен форматы өте жақсы", – деп ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.
Конкурстық комиссия құрамында сарапшылар, танымал блогерлер, азаматтық қоғам өкілдері болды. Олар да жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеудің ашықтығын атап өтіп, оң бағасын берді. Конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 "Алтын белгі" иегері, ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің үш баласы бар.
Сонымен қатар полицияның жоғары оқу орындарында білім алуға 49 спорт шебері мен үміткер, халықаралық және республикалық олимпиадалардың 16 жүлдегері өтінім берді. Болашақ тәртіп сақшыларының қатарына қосылған қыз-жігіттер енді өздері таңдаған мамандықтардың қыр-сырын жетік меңгеретін болады. Ал жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы өз кезегінде әрбір курсанттың нағыз маман және Отанына адал азамат болуы үшін бар күшін салады.
27 шілде 2023 ж. 266 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031