Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылыми атағы бар отандық ғалымдарға үстемеақы төленеді

Ғылыми атағы бар отандық ғалымдарға үстемеақы төленеді

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18 пайызға артты. 2024 жылғы 1 қаңтарынан тағы 18 пайызға, ал 2025 жылғы 1 қаңтарынан 17 пайызға көбейеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген.
Биылдан бастап ғылыми атақ болған жағдайда келесі мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:
Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).
27 шілде 2023 ж. 265 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 32

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 23

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 19

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930