МӘМС жарнасын қандай санаттағы азаматтарға мемлекет төлейді

«Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың 15 жеңлдік санаты үшін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын төлейді», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Аталған 15 санатқа кіреді:
1) 18 жасқа дейінгі балалар;
2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
3) бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
6) мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
7) бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар;
8) мүгедектер;
9) зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;
10) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;
11) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
12) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
13) жұмыс істемейтін оралмандар;
14) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
15) тергеу изоляторларындағы адамдар.