МӘМС: медициналық сақтандыру кімге тегін ?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет МӘМС жүйесіне азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін жарналар аудару бастады. Төлемдерді мемлекет төлейді. Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл¬дік¬ке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді:
1) 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куә¬лі¬¬гі табысталған, яғни жеке сә鬬кестендіру нөмірі (ЖСН) бе¬ріл¬ген уақыттан бастап «сақ¬тан¬дырылған» болып саналады.
2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұ¬мыс¬пен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет.
3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік сана¬тына ену үшін әйел тіркелген ем¬ханада жүктілігі бойынша уақ¬тылы есепке тұруға тиіс. Соң¬ғы 2 айда ол үшін зейнетақы жар¬налары мен әлеуметтік ауда¬рым¬дардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тір¬келген және өз қызметін тоқ¬тат¬паған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс іс¬тейтін болып саналады және же¬ңілдік санатына енгізілмейді.
4) Үш жасқа толмаған бала тәр¬¬биесімен айналысатын жұ¬мыс істемейтін тұлға. Бұл са¬нат¬тағылар автоматты түрде «сақ¬¬¬¬тандырылған» мәрте¬бе¬сіне ие болады. Бірақ ресми түр¬¬де жұ¬мыс істемеуі және де олардың атына соңғы 2 айда зе鬬нетақы жарналары мен әлеу¬мет¬¬тік аударымдар жасалмаған бол¬уы керек.
5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға бай-ланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның кү¬ті¬міне байланысты де¬ма¬лыс¬¬тағы тұлға. Олар дема¬лыс¬қа рес¬ми түрде шыққан кезде «сақ-тандырылған» мәрте¬бе¬сін алады.
6) Мүгедек баланы күтіп-баға¬тын, жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері де-рек¬қорға енгізіледі. Ке¬йін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін иеленеді.
7) Бірінші топтағы мүге¬декке күтім жасайтын жұмыс іс¬т嬬мейтін адам. Мүм¬кін¬дігі шек¬теулі жанның тиісті құжат¬та¬рын дайын¬да¬ған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері дерекқорға енгізіледі. Ізінше «сақ¬тан¬ды¬рыл-ған» мәртебесі ав¬то¬матты түрде беріледі.
8) Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақ¬тан¬дырылғандардың тізіміне Қазақ-стан¬ның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала ал¬майды.
9) Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның деректерін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.
10) Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағы жандар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.
11) Жұмыс істемейтін қандастар. «Қандас» куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде жеңілдік санатына енгізіледі.
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады.
13) Мүгедектер. Ресми құжаты шыққан кезде, мәртебе автоматты түрде беріледі.
14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын тұлғалар. Қазақстанда оқитын студенттер жеңілдетілген санатқа автоматты түрде қосылады.
Бұл жерде шетелдік оқу орын¬дарында күндіз оқитын қазақстандық студенттер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек. Олар egov.kz электронды үкімет порталындағы сервисті пайдалана отырып, жүйеде өз бетінше тіркелуі қажет. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:
- Іздеу жолағына «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» деп теру;
- Ашылған терезеде өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру;
- Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою;
-Көп жағдайда сақтандырудың жеңілдік мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі;
-Егер сақтандырудың жеңіл¬дік мәртебесін беру көрсетілген мерзімнің ішінде жүзеге асы¬рылмаса, Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласу қажет.
Студент әрбір семестр аяқталғаннан кейін сақтандырылу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қажет екенін есінде ұстағаны дұрыс. Өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.
15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Әлеуметтік тө¬лем тағайындалған кезде «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Егер сіз осы 15 санаттың біріне кірсеңіз, бірақ «сақтандырылмаған» болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралардан соң сізге «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәр¬тебесі беріледі және сіз үшін мем¬лекет жарна төлейді.