Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Антарктидада пирамида пішіндес тау табылды

Антарктидада пирамида пішіндес тау табылды

Антарктиданың спутниктен түсірілген суреттерінен пирамида тәрізді тау табылды, деп хабарлайды egemen.kz Unilad сайтына сілтеме жасап.
Мысырдағы Ұлы Гиза пирамидасына ұқсайтын екі де екі шаршы шақырым болатын үлкен тау әлеуметтік желі қолданушыларының таңдайын қақтырды.
Twitter қолданушыларының бірі: «Бұл су тасқынына дейінгі өркениетке тиесілі. Шамамен 10 000 жыл бұрын Антарктида жылы болған» деген пікір білдірді.
Айта кететіні, ғалымдар Антарктидада өсімдіктер тіршілігінің белгілерін бұрыннан тапқан, бұл ландшафт бір кездері орташа температурасы шамамен 12°C болатын тропикалық орманмен жабылған. Бұл шамамен 83 миллион жыл бұрын болған, сондықтан пирамида салынуы да әбден ықтимал. Алайда оның пирамида емес екенін дәлелдейтін тағы бір дерек бар. Бұл ақпарат тарала бастағанда профессор Эрик Риньо LiveScience журналына тың жаңалық жариялады. Суреттегі пирамида екені айқын көрінгенімен Риньо: «Бұл пирамидаға ұқсайтын тау ғана», деп түсіндірді.
Бұл пирамида шын мәнінде «таудың пирамидалы шыңы» деп аталатын мұздық аймақтардың ерекшелігі болып саналады. Олар мұздықтардың құрлық массасының бүйірлеріне жақындауы нәтижесінде пайда болады.
«Көптеген шыңдар пирамидаларға ұқсайды, бірақ олардың бір немесе екі қыры бар, төрт қырлылары өте сирек кездеседі», деді Риньо.
26 шілде 2023 ж. 178 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 78

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 37

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031