Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жеке бронды қорғаныс құралдарының сынақ зертханасы құрылмақ

Елімізде жеке бронды қорғаныс құралдарының сынақ зертханасы құрылмақ

Елімізде жеке бронды қорғаныс құралдарының сынақ зертханасы құрылмақ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазір мемлекеттік органдар Қарағанды облысындағы «Steel Manufacturing» ЖШС қазақстандық патрон зауытының базасында жеке бронды қорғаныс құралдарының (бронды жилеттер мен дулығалар) сынақ зертханасын құру мәселесін пысықтап жатыр. Алдын ала талдауға сәйкес, серіктестіктің қолында бар инфрақұрылым (50 м, 100 м және 200 м-лік баллистикалық зертхана, зертханалық жабдықтар – сорғы шкаф, беріктілікті өлшеуге арналған аспап, РН өлшегіш, металлургиялық микроскоп, спектрометр және т. б.) үлкен қаржылық шығындарға жүгінбей-ақ жеке бронды қорғаныс құралдарының сынақ орталығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.
Оның дерегінше, аталған серіктестіктің инфрақұрылымы шамамен 100 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Бюджетті қалыптастыру рәсімін, жабдықты сатып алу және аккредиттеуден өту рәсімдерін ескере отырып, жобаны іске асыруға 2024 жылы кірісу жоспарланған», - деді Үкімет басшысы.
26 шілде 2023 ж. 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31