Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды inform.kz.
Мәлім болғандай, енді блогерлер жариялайтын жарнамалар міндетті таңбалауға жатады.
«Таңбалауға инфлюенсерлер (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады. Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқауды қамтиды», - делінген бұйрық-жобасында.
Құжатта көрсетілгендей, блогерлер жарнаманы әлеуметтік желілерге жүктеу кезінде оның қандай материал екенін көрсетіп, онда мына мәтіндердің бірін жазуы тиіс:
- «жарнама»;
- «жарнамалық материал»;
- «серіктестік материал»;
- «демеушілік материал»;
- «жарнама құқығында жарияланған»;
- «жарнама құқығында»;
- «демеуші төлеген»;
- «PR құқығында».
Бұйрық 8 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.
26 шілде 2023 ж. 102 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930