Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеңілдетілген дизель отынының орташа бағасы белгіленді

Қазақстанда жеңілдетілген дизель отынының орташа бағасы белгіленді

Қазақстан Үкіметінің отырысында бейінді ведомстволардың басшылары күзгі дала жұмыстарының дизель отынымен қамтамасыз етілуі туралы айтты, деп хабарлайды egemen.kz.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.
Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. Шілде көлемдерін өңірлер толығымен таңдап алды. Қазіргі уақытта тамыз көлемі жөнелтілуде.
«Энергетика министрлігі тамыз айында мұнай өңдеу зауыттарынан орташа нарықтық бағаны белгіледі - тоннасына 212 мың теңге немесе литріне 177 теңге. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, республика бойынша орташа баға литріне 202 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан», деді Ербол Қарашөкеев.
Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов шілдеде Ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін 106,6 мың тонна тиелгенін, тамызда 148,2 мың тоннаға төленгенін айтты.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады. Министрлік жөнелтімдерге тұрақты мониторинг жүргізуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға ресурс ұстаушылардың келісімі бойынша тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге деңгейінде анықталды», деді Болат Ақшолақов.
23 тамыз 2022 ж. 1 082 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 54

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 41

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 55

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 54

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 56

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031