Қазақстанда қандай аурулардан өлім жағдайы жиі тіркелетіні айтылды
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығын, сондай-ақ өлімге әкелетін ең көп таралған ауру түрлерін атады, - деп хабарлайды sn.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 70,26 жас, әйелдердікі 78,41 жас болғанын хабарлады.
Сондай-ақ, Қазақстанда 100 мың халыққа шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркелетіні хабарланады:
қан айналымы жүйесі аурулары – 154,39 адам;
қатерлі ісіктер – 68,76 адам;
тыныс алу органдары аурулары – 66,76.
0-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасында халықтың 100 мыңына шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркеледі:
жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 10,43 адам;
жүйке жүйесінің аурулары – 5,5 адам;
ыстық және қыздыратын заттарды ұстау – 3,93 адам.
Ал 15-19 жас аралығындағылар көбіне мына жағдайлардан қайтыс болады:
жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 34,42 адам;
ыстық және қыздыратын заттарды ұстау, күю – 17,01 адам;
сыртқы себептердің басқа және анықталмаған әсерлері – 15,77 адам.
Халықтың 100 мыңына шаққанда әйелдер көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:
ісіктер – 48,14 адам;
қан айналымы жүйесі аурулары – 49,7 адам;
ас қорыту жүйесі аурулары – 29,33 адам.
Ер адамдар көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:
қан айналымы жүйесі аурулары – 100 мың халыққа 148,59 адам;
жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 136,59 адам;
ас қорыту жүйесі аурулары – 59,91 адам.
Қарт адамдар болса:
қан айналымы жүйесі аурулары – 859,51 адам;
жүйке жүйесі аурулары – 940,73 адам;
тыныс алу органдарының ауруларынан – 430,05 адам.