Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде аштық етек жайды

Әлемде аштық етек жайды

БҰҰ сарапшылары егер тенденция осылай жалғаса берсе, онда тұрақты дамудың мақсаты — 2030 жылға қарай аштықты тоқтату қол жетпейтін арманға айналады.
Климат, коронавирустық пандемия және жаһандық қақтығыстар, соның ішінде Украинадағы соғыс салдарынан туындаған дағдарыстарға байланысты 2019 жылдан бері әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны 122 миллионға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының қатысуымен дайындалған "Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану жағдайы" атты соңғы баяндамада айтылған.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, өткен жылы әлемде 735 миллионға жуық адам аштыққа тап болды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 613 миллионды құрады.
"Егер бұл тенденция жалғаса берсе, онда тұрақты дамудың мақсаты — 2030 жылға қарай аштықты тоқтату мақсаты арманға айналады", — делінген хабарламада.
Бәрінен де Африка ең көп зардап шеккен аймақ болып қала береді: құрлықта әрбір бесінші адам аштықты өмір сүреді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе көп. Батыс Азия мен Кариб теңізінде аштық деңгейі өсті.
Жалпы алғанда, әлем халқының шамамен үштен бір бөлігі азық-түлікке тұрақты қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар, 900 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығын бастан өткерді.
Азия мен Латын Америкасында аштыққа қарсы оң динамика байқалды.
13 шілде 2023 ж. 237 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930