Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде 828 млн адам ашқұрсақ жүр

Әлемде 828 млн адам ашқұрсақ жүр

Өткен жылы әлемде ашқұрсақ жүрген адамдардың саны 46 миллионға өсіп, 828 миллионға жуықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы БҰҰ-ның баяндамасында жарияланды. Сарапшылар мұндай қорытындыға әр елдегі азық-түлік себетінің құны мен халықтың дұрыс тамақтануға қол жетімділігін зерттеген соң келген. Ұйым өкілдері бұл адамзат баласы 2030 жылға қарай аштықты жою мақсатына жетпек түгілі алшақтап бара жатқанын көрсетеді деп дабыл қағып жатыр. Жоба авторлары мәселенің басты себептері қарулы қақтығыстар, климаттың өзгеруі, экономикалық дағдарыстар және бағалардың өсуі дегенді айтады. Қазір бұл факторлар соңғы азық-түлік дағдарысы тіркелген 2011 жылмен салыстырғанда тіптен ушыға түскен. Максимо Тореро, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық департаменті бас директорының орынбасары: – Пандемия әлемде теңсіздікті күшейтіп, аштықпен күресті қиындатты. Біздің болжамымыз бойынша 2030 жылға таман 670 миллион адам азық-түлік жетіспей, аштықтан зардап шегетін болады.

07 шілде 2022 ж. 1 310 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 73

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 71

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930