Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару мәселелері

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару мәселелері


Жаһандану жайлаған бүгінгі қоғамда ауыл шаруашылығы мен азық-түлік секторы көптеген қиындықтарға тап болуда. Ғалымдардың болжауынша әлем халқы 2050 жылға қарай 8 миллиардтан 9,8 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Салдарынан азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс күрт артып, ауыз су мен құнарлы егістік алқаптар секілді табиғи ресурстардың қолжетімділігі барған сайын тарыла түспек. Тіпті, бүгінгі таңда әлемде ауыл шаруашылық өнімдерінің қоры жеткілікті бола тұрса да, 821 миллион адам әлі де аштықтан зардап шегуде.
2030 жылға қарай БҰҰ-ның «Ашаршылықсыз әлем» тұрақты даму мақсатына қол жеткізу анағұрлым өнімді, тиімді, инклюзивті, ашық және тұрақты азық-түлік жүйелерінің болуын талап етеді. Бұл қолданыстағы агро азық-түлік жүйесін басқару саласын жедел трансформациялау қажеттілігін растайды. Анығында, жоғарыда аталған мәселелердің шешімін цифрлық инновациялар мен технологиялар таба алады. Мәселен, «Төртінші өнеркәсіптік революция» (Индустрия 4.0) деп аталатын кезеңде экономиканың көптеген секторлары блокчейн, жасанды интеллект және виртуалды шындық сияқты «серпінді» цифрлық технологиялардың арқасында тез өзгере бастады.
Цифрландыру қазірдің өзінде агро азық-түлік өндірісінің даму тізбегін өзгертуде. Барлық жүйеде ресурстарды басқару нақты уақыт режимінде деректерге негізделген гипербайланыспен жұмыс істейтін жоғары оңтайландырылған, жеке, интеллектуалды процеске айналады. Цифрлық ауыл шаруашылығы жоғары өнімді, белсенді және өзгерістерге бейімделетін жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл азық-түлік қауіпсіздігін, экономикалық тиімділік пен жалпы тұрақтылықты арттыруы мүмкін.
Осыған орай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының зерттеуші-сарапшылар тобы AP14871923 «Жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» атты ғылыми жобасын іске асыруда.
Ғылыми жобаның мақсаты - ақпараттық негізделген шешімдер қабылдау үшін Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару моделін әзірлеу.
Жоба Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін басқарудың көп компонентті моделін әзірлеуге бағытталған. Модель компоненттері: басқару жүйесінің ұйымдастырушылық дизайны, оңтайландырылған бизнес-процестер базасы, өзара іс-қимыл картасы және өтпелі талдау негізінде деректер ағындарын құрылымдау, билік, бизнес және қоғам үшін азық-түлік қауіпсіздігін басқарудың цифрлық құралы.
Жалпы, DDDM тәсілі бағдарламалау және дизайнды басқару құралдарын қолдануды қамтиды.
Цифрлық технологиялардың көмегімен аймақтық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін басқару моделін құру процесінде басқарушылық процестердің жиынтығы мыналарды қамтиды:
- атқарушы органдар мен бизнестің барлық деңгейлері (оперативті деңгейден стратегиялық деңгейге дейін);
- жеткізу тізбегінің барлық кезеңдері (фермерден тұтынушыға дейін).
Азық-түлік қауіпсіздігі процестерін басқаруда DDDM тұжырымдамасын қолданудың нақты негізі ақпараттың белгілі бір түрін таңдаумен байланысты.
Түйіндеп айтқанда, Data Driven Decision Marking - бұл талданатын объектінің ағымдағы жай-күйін сипаттайтын мерзімді немесе үздіксіз жаңартылатын деректер негізінде шешім қабылдаудың стратегиялық моделін құру тәсілі. Бұл тәсілдемені негізге алудың себебі – көптеген жағдайларда басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында талданатын жағдай бойынша деректерге негізделген аналитиканың жетіспеу мәселесі. Ал Data Driven-тәсілдемесін қолдану үшін аналитикамен жұмыс жасау, соның негізінде дұрыс әрі тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдысы қажет. Осының барлығы елдің, оның ішінде өңірлердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқаруда аса маңызды болып табылады.
Ғылыми еңбек аясында жобаның ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор Р.Т. Дуламбаеваның бастамасымен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйесіне имплементациялау үшін халықаралық тәжірибелер жүйеленді. DDDM тұжырымдамасына негізделген аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін басқару моделін құрудың негізгі факторлары мен шарттары анықталды. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету жүйесіндегі «қауіпті» аймақтар анықталды. Негізгі стейкхолдерлердің әлеуметтанулық портретін қалыптастыру мақсатында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Жобаның барлық нәтижелері DDDM қағидаттарын орталық мемлекеттік және жергілікті органдардың өндірістік іс-тәжірибе қызметіне имплементациялау есебінен ел өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға байланысты мультипликативтік нәтиже беретіні сөзсіз.
Қосымша мәліметтер: Мақала AP14871923 «Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» ғылыми жобасы аясында жазылды.

Р.Т.ДУЛАМБАЕВА, А.Е.БЕДЕЛБАЕВА, 
А.А.МУСАТАЕВА, Ж.А.АЛИЕВ


06 шілде 2023 ж. 271 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930