Баланы гаджеттерге тәуелділіктен қалай арылтамыз?
Қазір өмірді гаджеттерсіз елестету қиын. Балалар смартфондарды белсенді қолданады: көп уақытын ғаломтарда ойын ойнап, роликтер қараумен өткізеді. Бастапқыда ата-ана баласының құрылғыны қалай жақсы қолданатынына және тез үйреніп алатынына таңғалып қуанады. Бірақ уақыт өте олар баласын виртуалды әлемнен шығарғысы келеді.
Гаджеттердің балаларға зияны қандай?
Психологтар мен дәрігерлердің көпшілігі балалардың гаджеттерде көп отыруы оларға жағымсыз әсер ететінін айтады.
Мысалы, ертегілер, шығармалар, әңгімелер баланың қиялын дамытуға көмектеседі. Ал қарапайым визуалды ақпаратты алу бала қиялының нашар дамуына әкеледі. Суреттері көп нәрсеге бірдеңе қосудың не қажеті бар? Яғни, қиялды іске қосудың еш қажеттілігі жоқ.
Сондай-ақ бала өзінің эмоцияларымен күресе алмаса, өзін-өзі тыныштандыру үшін әлеуметтік желілерге кіре бастайды. Осылайша, тыныштықты өзінен емес, гаджеттерден іздеу тәуелділігі пайда болады. Бұл жалғаса берсе, басқа да тәуелділіктерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-ана баласын бақылауы керек: бала ренжіген кезде гаджетке ұмтылса, бұл оның эмоциясын шығармай, оны ойын ойнау арқылы немесе әлеуметтік желіде шығаратынын білдіруі мүмкін.
Гаджетпен өзара әрекеттесу - бұл жасанды объектпен үздіксіз байланыс. Бала онымен өз сезімдерімен және қажеттіліктерімен бөліседі. Мұндай "байланыс" баланың коммуникациялық дағдыларын бұзады.
Бала кішкентай кезінде телефонға немесе планшетке жылдам үйренеді. Мектеп жасына жақындағанда гаджеттерге деген тәуелділік қалыптасады. Бала үнемі гаджеттерде отырса, ол ашуланшақ болып кетеді.Гаджеттерді ұзақ пайдалану физикалық деңгейде де әсер етеді:
көруі мен ұйқысы нашарлайды;
иммунитет әлсірейді;
тілі кеш шығады және моторикасы кеш дамиды;
омыртқасы қисаюы мүмкін.
Бала мен гаджет арасын қалай алыстатуға болады?
Баланың жауы болмаңыз
Ата-ана баласын гаджеттерге тәуелділіктен арылту үшін қатаң әрекет етіп бастайды. Яғни, бірден гаджеттерді тартып алады, айқайлайды. Бұл балада негатив эмоциялар тудырады, сондықтан ол ата-анасына қарсы шығады. Баламен қарым-қатынасты бұзып алмас үшін, оның сенімін жоғалтып алмас үшін оны гаджеттерден біртіндеп алыстатқан жөн.
Технологияны жоққа шығармаңыз
Баланың көзінше смартфондарды, ғаламторды және барлық заманауи техниканы жамандаудың қажеті жоқ. Бұл баланы виртуалды әлемнен шығаруға көмектеспейді. Гаджеттерге басқа көзқараспен қарауға тырысыңыз. Мысалы, олар арқылы баланы мектепке дайындауға болады, ғаламторда өте пайдалы ақпарат көп, сондай-ақ дамытатын және білім беретін бағдарламалар жетерлік.
Алайда 2 жасқа дейінгі балаға гаджеттерді мүлдем бермеген жөн. Тіпті, ондағы дамытушы ойындардың бұл жаста еш пайдасы жоқ. Егер балаға сматрфоннан бірдеңе көрсететін болсаңыз, экрандағы әр әрекетті балаға түсіндіріп отыру керексіз.
Үлгі болыңыз
Бала ата-анасынан үлгі алады. Егер сіз телефонда ұзақ отыратын болсаңыз, бала үшін бұл қалыпты нәрсе болып кетеді. Баламен бірге уақыт өткізу үшін гаджеттерсіз күн ұйымдастырып тұрыңыз.
Баламен бірге көбірек уақыт өткізіңіз
Ата-ана мен бала бір-бірін жақсы түсіну үшін және гаджеттерден алаңдау үшін бірге көбірек уақыт өткізу керек. Баламен бірге ойындар ойнаңыз, серуендеңіз, әңгіме айтыңыз және отбасы мүшелерін біріктіретін басқа да шаралар ұйымдастырыңыз. Сондай-ақ тұрмыстық істерді де бірге жасауға тырысыңыз. Мысалы, тамақ пісірген кезде баланың көмектесуін сұраңыз, оны үй жануарларын немесе бөлме өсімдіктерін күтуге араластырыңыз және т.б.
Мақтаңыз
Балаңыздың ортақ отбасылық істерге тигізген үлесін елеп, бағалаңыз. "Ол оны істеуге міндетті" деген ойдан арылыңыз. Оған қоса, бала сіз айтпай-ақ үйдегі маңызды жұмыстарды жасап қойса, міндетті түрде елеп, оны мақтаңыз. Сол кезде бала ата-анасы оны бағалайтынын түсінеді.
Балама іс ұсыныңыз
Баланы гаджеттерге тәуелділігінен арылтқыңыз келсе, оның компьютерлік ойындар ойнауын және әлеуметтік желілерде отыруын азайту үшін оған балама нәрсе ұсынуыңыз керек. Сондай-ақ ол әртүрлі және адамдармен өзара әрекеттесетін болуы керек. Мысалы: шығармашылық және спорттық үйірмелер. Бастысы, бала қызығушылығын ескеріңіз.
Үй жануарын алып беріңіз
Бұл қадамға әр ата-ана бара бермейді. Бұл жерде баланың жануарларға деген махаббатын ескеру қажет. Сондай-ақ жануар - әдемі ойыншық қана емес, үлкен жауапкершілік екенін түсіну маңызды. Егер бала жануарларды жақсы көретін болса және үйде жануар ұстауға мүмкіндік бар болса, оған үй жануарын алып беруге болады. Содан соң күтімнің бір бөлігін баланың мойнына іліңіз. Мысалы, оны тамақтандыру мен серуендету - баланың міндеті болсын.
Баланың гаджетте отыру уақытын шектеңіз
Баладан гаджетті мүлдем тартып алмай, оның ода отыру уақытын шектеңіз. Баланың гаджет қолдануына уақыт лимитін орнатыңыз. Сондай-ақ серуендегенде, тамақ ішкенде және қонақ келгенде гаджет ұстауына рұқсат бермеңіз. Баланы қонақтармен сөйлесуге үйретіңіз. Гаджеттерге ата-ана бақылауын орнатып қойыңыз. Ол жақта уақыт шектеп қойсаңыз, уақыт аяқталған кезде смартфондағы барлық қосымшалар бұғатталады.
Кейде балалар санасыз түрде зиянды әдеттер жасайды. Мысалы, тырнағын тістеп жейді немесе жыныстық мүшесін ұстайды. Балада невроздың пайда болуына не әсер етеді? Мына жерден оқыңыз.