Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Жан жадыратқан жастар керуені

Қазалы: Жан жадыратқан жастар керуені

Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған «Жастар керуені» ауданға қарасты барлық ауылдық округтерге жол тартатын болады.
Ұйымдастырушы – аудандық жастар ресурстық орталығы. Бұл жолғы кезек Қызылқұм ауылдық округіне келді.
Таңертеңнен басталған жоба аясында Кәукей ауылынан солтүстік шығысқа 2 шақырым жерде орналасқан республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш Сараман-Қоса мұнарасы таныстырылды.
Мұнан соң Кәукей ауылында Тасарық және Бозкөл ауылдық окгругтерінен келген ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, «Жастар кубогы» сарапқа салынды.
Ауыл тұрғындары мен жастары үшін кеңес беру алаңы жұмыс жасап, қойылған сауалдар бойынша тиісті сала қызметкерлері түсіндіріп берді.
Кешкілік округте гала концерт ұйымдастырылып, өнерпаздармен қатар, жастардың арасында танымал әншілер, жерлестеріміз Ринат пен Асылжан Шамшырақтар өнер көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, жобаның мақсат-міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, өткен жарыстарда жеңімпаз атанғандар мен жүлдегерлерді марапаттады. Бұдан бөлек, ашық аспан астында жастармен бейресми кездесу өтіп, Дәурен Оңғарбайұлы жасөспірімдердің ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
19 маусым 2023 ж. 218 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930