Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасарықтағы тартымды кеш

Тасарықтағы тартымды кеш

Ағымдағы аптаның дүйсенбісінде Қазалы ауданының әкімдігі, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалы мен Жастарды қолдау кеңесі және аудандық Жастар ресурстық орталығының мұраты бір арнаға тоғысып, жастарды қолдау мақсатында көрікті Кәукей ауылында «Ауылым – алтын бесігім» атты керемет кеш ұйымдастырды. Шара жоғары деңгейде өтіп, көп көңілінен орын тауып, ауданнан шалғай орналасқан талай дүл-дүл мен жез таңдай әншілер түлеген қасиетті Тасарық мекенінде өз жалғасын тапты.
Мұнда Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Д.Тілеумбетов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н.Жаппарбергенұлы мен жастар ресурстық орталығы басшысы, аудан жастарының ұйытқысына айналған Н.Ақпанбетов және кәсіпкерлік, білім мен басқа да сала мамандары келіп, ауыл тұрғындары мен жастарының арнайы сауалдарына жауап берді.
Мұнан соң кештің алғы сөзін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Д.Оңғарбайұлы алды.
– Құрметті ауыл тұрғындары, жас достар осыдан екі күн бұрын жастар керуені жобасы қолға алынып, елді мекендерді аралау жұмыстарын бастаған едік. Жастар – елдің тірегі һәм болашағы.
Осы тұста елде мемлекет басшысы тарапынан жастарға орасан зор көңіл бөлініп, білім, денсаулық және кәсіпкерлік саласында көптеген мүмкіндіктер жолы ашылды.
Қазіргі таңда ауданда екі бірдей Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасап, еріктілерінің қатарын көбейтуде. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш.
Ал Тасарық ауылындағы жастар жағдайы мүшкіл жандарға қол ұшын созып, көмек жасап жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Осы сәтті пайдаланып, ауыл тұрғындары мен жастарына шексіз алғысымды білдіремін, – деді ол.
Содан кейін облыс және республикалық дәрежеде бақ сынап, жүлделі оралып жүрген өнер саңлақтары кеш сәнін кіргізді.
Олар аудандық «Қорқыт ата» атындағы өнер мектебінің тәлімгерлері С.Қуантқанұлы, Н.Кәдірбай және М.Жеткербай мен Жанқожа батыр ауылдық клубының маманы Б.Макеев пен аудан еріктілері еді.
Қасиетті өнер мұндағы әрбір жасқа атадан қанмен дарыған. Бұл шараға көршілес жатқан Лақалы ауылының әнші мен аспапшы жас буындары да етене араласып, көрермен жүрегінен орын тапты. Кештің бір ерекшелігі өнерпаздардың барлығы дерлік жанды дауыста ән шырқағандары болды.
Артынша ортаға алау жағылып, ауыл жастары мен кеш ұйымдастырушылары арасында ашық әңгіме өрбіді.
Онда ауыл жастарының пікірі мен ұсыныстары тыңдалды. Бірі ауылда осындай кештің жиі өтуін ұсыныс етсе, енді бірі ауылға саябақ пен жаттығу алаңы және 4G интернет желісінің қажеттігін айтады.
Мұның барлығын тыңдап, саралаған аудан басшысының орынбасары Д.Тілеумбетов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н.Жаппарбергенұлы барша айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынатындығын айтып, тұрғындар көңілін бірледі.
Айта кетейік, Н.Ақпанбетов бастаған топтың келесі аялдамасы Абай ауылы болмақ.

Серік АҚМЫРЗА
02 шілде 2022 ж. 554 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930