Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы нарығын реттеу агенттігі алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болғанын ескертті

Қаржы нарығын реттеу агенттігі алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болғанын ескертті

Агенттік азаматтарды қырағы болуға шақырады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет кеңістігінде «Webtrader» инвестициялық компаниясының сайтына сілтеменің белсенді түрде таратылып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Агенттік мәліметінше, таралған ақпаратта қысқа мерзім ішінде кепілдік берілген инвестициялық кіріс уәде етілген.
Алаяқтар белгілі блогерлер мен агенттік басшыларының есімдері мен фотосуреттерін азаматтардың барынша көп санын тарту және олардың сеніміне ие болу үшін пайдаланады.
«Агенттік ресми түрде Агенттік басшылары немесе қызметкерлері биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алуды ұсынбайтынын және жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартпайтынын мәлімдейді. Агенттік өз құзыреті шеңберінде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуін және дамуын, оның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді, қор нарығының және оның қатысушыларының ағымдағы жай-күйіне мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді», - делінген ҚНРДА хабарламасында
Агенттік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына ермеуге шақырады.
«Егер сізде қаржылық алаяқтармен байланыстыңыз деген күдік туындаса, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет. Лицензияланған брокерлер тізімімен Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокер лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуі тиіс екенін ескеріңіз», - делінген хабарламада.
Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында азаматтар Агенттікке шағымдармен жүгінген лицензияланбаған «инвестициялық делдалдардың» тізімі де орналастырылған.
19 маусым 2023 ж. 98 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031