Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы жол қашан жөнделеді?

Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы жол қашан жөнделеді?

Жолды жөндеу жұмыстары 2030 жылға дейін екі кезеңде жүзеге асады.
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомобиль жолының "Ақтөбе – Қызылорда" учаскесін 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа көшіру бойынша жұмыстар 2023-2030 жылдары жүзеге асырылады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтың сауалына берген жауабында айтылған.
Жөндеу жұмыстары екі кезеңде жүзеге асады:
І кезең: 2023-2025 жылдар
Бұл кезеңде ұзындығы 262 шақырым "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автожолы қайта құрылады. Оған 42,4 млрд теңге қаржы қаралған (2023 жылы – 2 млрд теңге, 2024 жылы – 30 млрд теңге және 2025 жылы – 10,4 млрд теңге).
Автожолдың 94 км бөлігінің жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама жасалып жатыр, ол 2023 жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады. Ал жолдың қалған 162 км бөлігі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
ІІ кезең: 2025-2030 жылдар
Екінші кезеңде "Қызылорда – Ұлғайсын" автожолын (4 жолақ) қайта құру бойынша жұмыс жүргізіледі.
19 маусым 2023 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930