Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қорықшылардың лауазымдық еңбекақысы 2 есе артады

Қазақстанда қорықшылардың лауазымдық еңбекақысы 2 есе артады

Қосымша ақы 13 мыңға жуық адамға төленеді деп жоспарланып отыр.Қазақстанда мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау инспекторларының қызметкерлеріне лауазымдық ақының 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті қаулы жобасын жариялады.
Еске салайыө, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 қыркүйекте Қостанай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында президент әкімшілігіне табиғат қорғау мекемелері мен мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қатысты тапсырма берген еді. Бұл ретте Экология министрлігі ұсынған шаралар бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етеді, осыған байланысты бұл мәселе бюджеттік заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттік комиссия отырысында алдын ала қаралуы тиіс.
Осы мақсаттар үшін 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттен жалпы сомасы 38 млрд теңге қосымша қаражат қажет, оның ішінде үш жылдық кезеңге:
табиғат қорғау мекемелерінің 3492 қызметкеріне 10,1 млрд теңге (оның ішінде 2023 жылы – 2 млрд теңге, 2024 жылы – 4 млрд теңге, 2025 жылы – 4,1 млрд теңге);
республикалық табиғатты қорғау және мамандандырылған мекемелердің 535 қызметкеріне – 1,6 млрд теңге (оның ішінде 2023 жылы – 314 млн теңге, 2024 жылы – 637 млн теңге, 2025 жылы – 642 млн теңге);
мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының 162 қызметкеріне 359 млн теңге (оның ішінде 2023 жылы – 71 млн теңге, 2024 жылы – 143 млн теңге, 2025 жылы – 145 млн теңге);
жергілікті табиғат қорғау және мамандандырылған мекемелердің 8687 қызметкеріне 26 млрд теңге (оның ішінде 2023 жылы – 5,1 млрд теңге, 2024 жылы – 10,4 млрд теңге, 2025 жылы – 10,5 млрд теңге) қажет.
Қаулы жобасы 30 наурызға дейін қоғам талқысына ашық. Қабылданған жағдайда 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
13 наурыз 2023 ж. 199 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930