Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай өңірлерде ең көп баспана пайдалануға берілді

Қай өңірлерде ең көп баспана пайдалануға берілді

Қаңтар-мамырда 5,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1 пайызға артты. 18 өңірде оң өсу тіркелді. Әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсімі Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында байқалды. Осы жылғы қаңтар-мамырда 5,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4 пайызға жоғары», - деді министр.
Әлібек Қуантыровтың дерегінше, тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау облысында байқалды.
«Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,5 пайыз ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 8 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», - деді ол.
13 маусым 2023 ж. 288 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930