Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында қарбыз жеуге бола ма - Маман жауап берді

Маусым айында қарбыз жеуге бола ма - Маман жауап берді

Дүкен сөрелерінде бақша дақылдары, соның ішінде қарбыз да пайда болған. Мамандар маусым айында қарбыз алу қаншалықты дұрыс екенін айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әдетте, жемістер мен көкөністер тез өсу үшін арнайы химиялық заттар, нитраттар қосылады. Сарапшылардың пікірінше, нитрат – у емес, тез пісуге көмектесетін азот. Бірақ адам ағзасына шамадан тыс нитрат түсс, бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
“Қарбыздағы нитраттардың мөлшерін көзбен анықтай алмаймыз, ол үшін экспресс-нитратомер деп аталатын арнайы құрылғы қажет. Әдетте нитраттар 60 мг/кг-нан аспауы керек. Одан аспаса, қарбызды жеуге болады, өйткені нитраттардың қалдық мөлшері қалыпты”, – деді зертхана меңгерушісі Гүлнара Сақтапбергенова.
Мамандар бақша дақылдарын шілде-тамыз айларында сатып алу қауіпсіз екенін атап өтті. Әрі арнайы белгіленген сату нүктелерінен алған жөн, онда өнімдер зертханалар немесе бақылау құжаттарымен тексеріледі.
13 маусым 2023 ж. 263 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 110

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 96

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 107

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031