Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

Құс тұмауы және аусылға қарсы отандық вакциналар зерттеу сынағынан өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты жанынан зауыт ашылды. Онда ауқымды зерттеулер, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар мен сәтті шыққан зерттеу жобаларын кең ауқымды өндіріске шығару жұмыстары жүріп жатыр. Вакциналарға келсек, құс тұмауы және аусылға қарсы екпені айтуға болады», - деді Күнсұлу Закарья Астана халықаралық форумы барысында ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.
Ғылым академиясы басшысының айтуынша, елімізде таяу арада аусылға қарсы екпе шығарыла бастайды.
«Аусылға қарсы вакцина бойынша әлемдегі жетекші «Boehringer Ingelheim» компаниясымен ауқымды келіссөздер жүріп жатыр. Біз жақын арада бірлескен өнім алуға қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Аталған вакцина өз елімізде өндірілетін болады. Құс тұмауына қарсы вакцина қазірдің өзінде өндіріліп, сатылып жатыр», - дейді К. Закарья.

10 маусым 2023 ж. 325 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930