Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » QazVac коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты қауқарлы?

QazVac коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты қауқарлы?

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.
Инактивтелген вакцинамыз - тұтас вирионнан жасалатын вакцина. Вирустың ішіндегі барлық ақуыздың спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, біздің вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады, - деді ол.
Спикер бұған дейін министрлік берген Qazcovid-in вакцинасының вирусқа әсері 96%-дан астам деген пайымның қаншалықты рас екеніне тоқталды.
Біз бірінші және екінші клиникалық зерттеулердің нәтижесін анализден өткізіп, сараптап, есептің ішінде бүкіл көрсеткіштерді қарастырған кезде отандық вакцинаның иммунитет сақтау көрсеткіші 96%-ға сай екенін байқадық. Дегенмен, бір ескерер жайт, бірінші фазадан кейін мұның көрсеткіші 100%-ға жетіп, екінші фазадан кейін 96% болса және адам саны неғұрлым артса, оның көрсеткіші соғұрлым төмен болуы мүмкін. Сондықтан үшінші фазаның соңында бұл көрсеткіштің тағы өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін отандық вакцинаға QazVac атауы берілген болатын.
01 сәуір 2021 ж. 2 437 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 295

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031