Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » QazCOVID-in-нен бөлек 4 вакцина дайындалуда – Күнсұлу Закарья

QazCOVID-in-нен бөлек 4 вакцина дайындалуда – Күнсұлу Закарья

2020 жылы наурыз айында елімізде коронавируспен ауырғандар анықталғаннан кейін және вирустың тірі штамын алғаннан кейін бір апта өткен соң институт ғалымдары коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жасауды қолға алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» брифингіде айтылды, деп хабарлайды қазАқпарат.
«Біздің 60 жылдан астам уақыт тарихы бар институтымыз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылының маңындағы 40-әскери базада орналасқан. Қауіпті және аса қауіпті штамдарды зерттеумен айналысатын осындай инститтутар көп тұрғыны бар елді мекендерден алшақ орналасуы керек. Бұл жерде мықты ғалымдар, вирусологтар, биотехнологтар 60 жылдан астам уақыт бойы вакцина жасаумен айналысып келеді. Бүгінгі таңда осы институттың ғалымдары 60-тан астам әртүрлі вакцина мен тест жүйелерін ойлап тауып, қолданысқа енгізді», - дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья. Оның айтуынша, 2020 жылы наурыз айында елімізде коронавируспен ауырғандар анықталғаннан соң және вирустың тірі штамын алғаннан кейін бір апта өткен соң институт ғалымдары коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жасауды қолға алды. «Бір уақытта бес платформада вакцина жасау қолға алынды, себебі осының ішінен барынша тиімдісін таңдап алуымыз керек болды. Қуанышқа орай, біз жасаған алғашқы QazCOVID-in вакцинасы 2020 жылы мамыр айында дайын болды. Ал 15 мамырда ресми түрде тіркеліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына тіркелді. Бұдан басқа тағы 4 вакцина жасалуда», - дейді ол.


31 наурыз 2021 ж. 2 484 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930