Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сізге йод жетіспейтінін көрсететін 7 белгі

Сізге йод жетіспейтінін көрсететін 7 белгі

Йод қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Ол оған гормондар бөлуге көмектеседі. Ал гормондар ағзадағы көптеген процестерді бақылайды: дене температурасына, жүрек соғысының жиілігіне, адам бойына және тіпті, зияткерлік деңгейге жауап береді. Йодтың жетіспейтінін қалай білуге болады және бұл микроэлементті қандай өнімнен алған дұрыс? Бұл сұрақтарға Doctorpiter-ге дәрігер Екатерина Кашух жауап берді, - деп хабарлайды massaget.kz.
Алғаш рет 1811 жылы йодты химиялық элемент ретінде алды. Француз химигі Бернар Куртуа йод кристалдарын теңіз балдырларын жаққанда пайда болатын күлден тапқан. Бірақ бұл элемент өз атауын басқа химиктің арқасында алды: Гей-Люссак бұл зат буының күлгін түсін байқап, "йодис" деп атайды. Бұл сөз грек тілінен "шегіргүл түсі" деп аударылады.
Қазір йод Менделеев кестесінде 53-ші орында тұр және медицна, аспаздық өндіріс секілді көптеген салаларда кеңінен қолданылады.
Йод сырттан келуі керек
Йодты біздің ағзамыз өздігінен бөле алмайды, біз оны тамақтан немесе тағамдық қоспалардан аламыз. Табиғи йод теңіз өнімдерінде болады: теңіз балығы, асшаян, мидия, балдыр. Сондай-ақ ол жемістерде болады: мысалы, құрма, жапырақты салат, мүкжидек. Егер мұндай тағам күнделікті рационда жетікіліксіз болса, йодталған тұз қолдану ұсынылады. Оның жарты шай қасығы бұл микроэлементтің ересектерге арналған күндізгі нормасын қамтиды. Бірақ бұл оның жарты қасығын бірден жеу керек деген сөз емес, оны қарапайым тұздың орнына тамақтарға қолдану жеткілікті.
Мұсылмандарға асшаян (креветка) жеуге бола ма?
Қосымшаларды (БАД) абайлап ішу керек
Көпшілік адам дүкендерден немесе дәріханалардан алған қосымшалар арқылы йод қорын толтырғысы келеді. Биологиялық белсенді қосымшалар түрінде балдырлар (спирулина, ламинария) негізіндегі препараттар, йод (калий йодиді, натрий йодиді) препараттары және дәруменді-минералды жинақ қолданылады.
Йодтың синтетикалық көздері де тиімді саналғанымен, оларды ағзада йод жетіспесе ғана ішу керек. Ағзада йодтың артық болуы бірқатар ағза бұзылыстарына әкеледі. Сондықтан анализ тапсырып, оларды дәрігердің кеңесімен ішу керек.
Йодтың аз екенін қалай білуге болады?
Ағазаға йод жетіспейтінін мына белгілер көрсетеді:
  • әлсіздік;
  • тез шаршап қалу;
  • есте сақтаудың нашарлауы;
  • жұмыста өнімділіктің төмендеуі;
  • ашуланшақтық;
  • тері мен шаш құрғақтығы;
  • себепсіз салмақ қосу.
Ал балаларда сондай-ақ мектептегі үлгерімі түсіп кетуі және бойының өсуі тоқтап қалуы мүмкін.
Бірақ бұл белгілер басқа да патологиялардың белгісі бола алады, сондықтан оларды өзіңізден немесе балаңыздан байқасаңыз, дәрігерге көрсетіп, анализ тапсырып, содан кейін ғана қосымша препараттар ішкен дұрыс.

09 маусым 2023 ж. 438 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930