Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамда темір тапшы екенін түріне қарап қалай білуге болады?

Адамда темір тапшы екенін түріне қарап қалай білуге болады?

Темір - адам ағзасы үшін маңызды микроэлемент. Оның жетіспеуі созылмалы шаршау мен денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Ағзадағы темір гемоглобиннің бір бөлігі және қан түзу процесіне қатысатын элемент. Эндокринолог Роман Терушкин темір тапшылығы адамдарда сырттай анық байқалатынын айтады, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
"Темір жетіспейтін адамдарда тері құрғақ, бозарып, еріні жарылғыш келеді. Темір деңгейінің айтарлықтай төмендеуі кезінде көздің асты көгеріп, адам артық салмақ қосып, арықтауы қиын болады. Шаштың сапасы да нашарлайды", - дейді эндокринолог Роман Терушкин.
Роман Терушкин темір тапшылығы кезінде дененің барлық мүшесін оттегімен қамтамасыз ету процесі бұзылатынын, адамда әлсіздік, бас ауруы, айналуы, жүрек соғысының жиілеуі, демігу, ауыр затты көтере алмау, тәбеттің және жұмыс пен оқу қабілетінің төмендеуі, терінің құрғауы, шаштың түсуі байқалатынын айтады.
Темір жетіспеуінің басты себебі - құрамында темірі бар тағамдардың азық-түліктер арасында болмауынан теңгерімсіз тамақтану. Вегетарианшылыққа деген құмарлық, қатаң диетаға бейімделу темір тапшылығын тудырады.
11 қараша 2022 ж. 703 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 142

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930