Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қарлаң» көпірінің құрылысы мәжіліс депутатының назарында

«Қарлаң» көпірінің құрылысы мәжіліс депутатының назарында

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген Қазалы ауданы бойынша Жол картасында нақты индикаторлар мен шаралар қамтылған. Солардың бірі 10-ға жуық елді мекеннің жол қатынасының жақсаруына септігін тигізетін «Қарлаң» учаскесінде жүргізіліп жатқан көпір құрылысы.
Осы ретте бірнеше күннен бері аудан халқымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерімен алмасып, іссапармен келген «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұлдың назарынан көпір құрылысы да тыс қалмады.
Мәжіліс депутаты құрылыс жүріп жатқан орынға арнайы барып, жұмыс барысын көрді. Жұмыс барысымен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов таныстырды. Халық қалаулысы құрылысшыларға көпірдің маңыздылығы жоғары екенін атап өтіп, сапасына мән беру қажеттігін жеткізді.
Мұнан соң кезекті халықпен кездесу Жанкент және Қожабақы ауылдарында жалғасты. Ауылдық клуб ғимараттарында өткізілген кездесулерде өзара сұрақ-жауаптарға кезек беріліп, ауыл тұрғындары ел ертеңі үшін маңызы зор Қарлаң көпірінің уақытылы аяқталуын, ауылдағы шағын шаруашылықтарды ірілендіріп, бір орталықтан басқару және Қожабақы ауылына жаңа типтегі мектеп салу, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сынды бірқатар ұсыныс-пікірлерін айтты.
Фракция мүшесімен бірге аталмыш кездесулерге «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев пен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қатысты.
#AMANAT
05 шілде 2022 ж. 301 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930