Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа автобус пайдалануға берілді

Жаңа автобус пайдалануға берілді

Кеше облыс орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мектеп оқушыларын тасымалдауды сапалы ұйымдастыру мақсатында 9 мектепке су жаңа автобустың кілтін табыстады.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған сыйымдылығы 40 орындық автобуста оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Көлік қауіпсіздік талаптарына сай. Есіктері ашық тұрған сәтте қозғалысты бұғаттау механизмі, маяктар және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған пандустар бар. Автобуста сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдықты шектеу жүйесі қарастырылған, орындықтар қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған. Сонымен қатар мектеп рюкзактарына арналған арнайы сөрелер бар.
Бүгін Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ата-аналар ұжымы мен шәкірттері жаңа автобусты күтіп алды. Балалар игілігіне берілген көліктің мүмкіндіктерімен танысып, игі тілектерін жаудырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
06 маусым 2023 ж. 252 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 73

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930