Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге елдің азаматтығымен сыртта жүрген этникалық қазақтар шілде айынан бастап Қазақстанда 10 жыл тұра алады

Өзге елдің азаматтығымен сыртта жүрген этникалық қазақтар шілде айынан бастап Қазақстанда 10 жыл тұра алады

Өзге мемлекетте тұратын этникалық қазақтар “Ата жолы” картасын шілде айынан бастап пайдалана алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар "Ата жолы" картасымен Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Картаның негізгі мақсаты – өзге елдің азаматтығымен сыртта жүрген қазақтарды тарихи отанында тұруына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.
Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. "Ата жолы" картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.
"Ата жолы" картасы бар этникалық қазақтың кандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және кандастарымен тең құқыққа ие.
Бірақ бұл картамен елге келген қазақтарда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.
Бұдан басқа егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның картасы жарамсыз деп танылады.
Еске салайық, бұған дейін шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану мақсатында “Ата жолы” картасын енгізу ұсынылғанын, тіпті елді дамытуға қосқан үлесі үшін олар жыл сайын Президент сыйлығымен марапатталатынын жазған едік.
06 маусым 2023 ж. 313 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930