Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандастардың қатары қалыңдайды

Қандастардың қатары қалыңдайды

Жуырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Қазақ картасы» туралы сөз қозғап, артықшылықтарын тілге тиек етті. Онда этникалық қандастардың туған жер топырағына келіп, уақытша өмір сүріп, бейімделуге мүмкіндік беретін жобаның іске асырылуы жайына зор мән беріп отырғандарын да айтты. Ендеше Отанға оралтар карта кімдерге бұйырады? Ол үшін қандай критерийлер даярланған? Осы және өзге сауалдардың жауабын толығырақ зерттеген едік.

Шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға «Қазақ картасы» беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын, бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу сынды мүмкіндіктерді қолдана алады.
Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін «Қазақ картасының» артықшылықтарына тоқтала кетті.
– Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар. Сондықтан «Қазақ картасы» деген әлемдік тәжірибеде бар карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі түйін – егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген визалар беріледі, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алады, – деді министр.
«Қазақ картасының» иемденемін деген жандар бірнеше критерийлер мен сынақтан өтуі қажет екен. Оның алғашқысы, қазақ ұлтына жататын немесе Қазақ КСР-ның, ҚР-ның бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттың болуы. Екіншісі, қазақ тілінің базалық деңгейін білу. Ал үшіншісі, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы туралы негізгі білімдерін меңгеруі. Соңғы төртіншісі, Қазақстан азаматтығының немесе ҚР аумағында тұруға ықтиярхатының иә оралман куәлігінің болмауы сынды критерийлері бар.
Тағы бір айта кететіні, әзірше «Қазақ картасының» саны шектеулі, яғни, оны 100 ғана этникалық қазақ ала алады.
– Мұндай шешім шын мәнінде болса әрине, құптарлықтай екен. Елдің экономикасына үлес қосамыз деген шетелдегі қандастарымыз табылса тіпті алақай.
Алайда, ережелерін қайта қарау қажет сияқты. Себебі этникалық қазақтардың барлығы дерлік қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын біледі деп айта алмаймыз. Содан кейін, тұрып көріп, тарихи Отанын қабылдай алады ма, жоқ па, соны байқау қажет. Ол да маңызды, – дейді қоғам белсендісі Азамат Қонысбай.
Жыл сайын Қазақстанға мыңдаған қандастар қоныс аударып келуде. Бұл тараптан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көшіп келген қандастарға белсенді мемлекеттік қолдау көрсетіп жатыр екен. Қандастарға қоныс аударуға, тұрғын үйді жалға алуға субсидия беріліп, сонымен қатар жұмыспен қамту және басқа да көмектер қарастырылған.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға 9 мыңға жуық этникалық қазақ оралып, «қандас» мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 96,9 мың этникалық қазақ қоныс аударған.

Серік АҚМЫРЗА

15 қазан 2022 ж. 404 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930