Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімдерге өмір бойы жәрдемақы төленетіні белгілі болды

Кімдерге өмір бойы жәрдемақы төленетіні белгілі болды

«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналардың мәртебесі үшін төленетін жәрдемақы өмір бойы ай сайын төленеді.
Елімізде көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналардың мәртебесі үшін төленетін жәрдемақы өмір бойы ай сайын төленеді. Бүгінгі таңда бұл жәрдемақыны 230 мыңнан астам ана алып отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңгеден артық қаражат қаралған. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекспен «марапатталған аналар» ұғымы енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойы «Күміс алқа», «Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі», - деді Оспанов.
Ол атағандай, 6-7 бала туып, тәрбиелеген аналардың қаражаты көрсетілген.
«7 бала тәрбиелеп отырған аналарға 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке ұлғайып отыр. Яғни, биылдан бастап 25530 теңгеге тең», - деді ол.
03 маусым 2023 ж. 293 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 132

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 167

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031