Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осныдай дерек айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» туралы жаңа ұғым енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойына «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге болады», - деді ол.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап аутизм диагнозы бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі тегін ұсынылмақ.
Сондай-ақ 1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі.
«Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу себебімен төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды. Оның мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға артады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді», - деді вице-министр Назгүл Сағындықова.
01 маусым 2023 ж. 229 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930