Кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді
Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе Әйтеке би кентіндегі бірнеше сауда орындары мен дәріханаларда және жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығы мен қамтылуына бақылау жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ дәріханаларда тұрғындар жиі тұтынатын дәрі-дәрмектер бағасы тұрақты әрі қоры жеткілікті екені, жанармай бекеттерінде баға қалыпты және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы анықталды.
"АМАНАТ"