Премиум қытай брендінің автомобильдері Қазақстанда 2025 жылдан бастап шығарылатын болады
Премиум Қытай брендінің автокөліктері Қазақстанда 2025 жылдан бастап шығарылатын болады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті келісімге RBS Kazakhstan компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов және EXEED International бас директоры Чин Чао қол қойды. Құжат Orbis Manufacturing компаниясына Қазақстанда EXCEED автомобильдерін шығаруға құқық береді.
Осылайша Алматының индустриялық аймағында жаңа зауыт кешені салынады. Жылына 80 мың машина шығаратын зауыттың құрылысы 2023 жылы басталады.
"Кәсіпорын EXEED озық технологиялары мен заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, ҚХР автомобиль индустриясы көшбасшыларының стандарттары бойынша құрылатын болады. Жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 72 млрд теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Бірінші кезеңде зауыт кешенінің ашылуы 1500 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бірінші кезеңде EXEED автокөлігінің үш моделін шығару, содан кейін желіні кеңейту жоспарлануда.