Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ елшісі Атыраудағы ең ірі STEAM орталықта оқушылармен кездесті

АҚШ елшісі Атыраудағы ең ірі STEAM орталықта оқушылармен кездесті

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты.

Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

Қазіргі уақытта STEAM орталықта 7-11 сынып оқушылары «Робототехника», «Инженерияға кіріспе», «3D модельдеу және басып шығару», «Жасушалық биология», «Анатомия», «Химия», «Ағашпен жұмыс» сынды интеграцияланған 16 курс бойынша білім алып жатыр.
Елшіні қабылдаған JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова STEAM орталықтың жұмысымен таныстырып өтті.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның басты мақсаты – Атырау жастары арасында заманауи STEAM білім беру әдісін насихаттау. Ашылғанына бір жыл толып отырған STEAM орталықта күні бүгінге дейін 5000-ға жуық оқушы түрлі оқу бағдарламалары аясында білім алып шықты. Оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жақында ғана біздің оқушыларымыз жасап шыққан биші робот Теміртау қаласында өткен республикалық конкурста жүлделі номинацияны иеленді. Республикалық «Жасыл ұрпақ бәйгесі» конкурсында эко-жылыжай салу үшін грант жеңіп алды» деп атап өтті жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

JasSpace орталығында оқушыларға STEAM бағытта білім берілумен бірге, ерте жастан кәсіптік даярлау жобасы жүзеге асып жатыр.

STEAM бағытта білім беру әдісі бүгінде Америка, Сингапур, Жапония сынды әлемнің озық елдерінде трендке айналып отырғанын ескерсек, Қазақстан жастарын дамытуда JasSpace кеңістігінің маңызы зор.
19 мамыр 2023 ж. 301 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 106

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 104

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 102

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 92

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930