Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ЖОО-ларда оқыту тіліне қарамастан кәсіби қазақ тілі пәні енгізілмек

Қазақстандық ЖОО-ларда оқыту тіліне қарамастан кәсіби қазақ тілі пәні енгізілмек

Жоғары оқу орындарында оқыту тіліне қарамастан, "Кәсіби қазақ тілі" пәні енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының қазақ тіліндегі заңнаманың сапасын арттыру туралы сауалына берген жауабында айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-премьердің сөзіне қарағанда, термин түзуге маманданған ғылыми секциялар құрылмақ.
"Ғылым және жоғары білім министрлігі құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ғалымдар тартылатын салалық терминологиялық секциялар құру бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл шара Республикалық терминология комиссиясы бекітетін терминдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Терминологиялық секциялар кейіннен нормативтік терминологиялық сөздіктерді әзірлеу жұмыстарына да тартылады", - деп жалызған жауапта.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, жоғары оқу орындарында "Кәсіби қазақ тілі" пәні енгізілі мүмкін.
"Министрлік мектеп терминологиясын дамыту, ресми құжаттардың стилистикасын жетілдіру, оқыту тіліне қарамастан жоғары оқу орындарының бағдарламасына "Кәсіби қазақ тілі" пәнін енгізу, сондай-ақ қазақ тілінің ғылыми, ресми-іскерлік стильдерін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін пысықтауда. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұрған және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында көзделген.
17 мамыр 2023 ж. 401 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 133

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031