Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады

Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған. Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасау жоспарлануда. Жаңа терминдерді біріздендіру мақсатында «Termincom.kz» қызмет етеді. Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдерді тек комиссия мүшелері ғана емес, сала мамандары мен жалпы жұртшылық талқылайды», деп атап өтеді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов қазақ тілін ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары мен түрлі байқаулар, ынталандыру іс-шаралары ұйымдастырылып келе жатқанын айтады.

«Сонымен қатар қазақ тілі ұлттық корпусының мәтіндік базасын құру жұмысы қолға алынды. 2021 жылы публицистикалық мәтіндердердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды», делінген Е. Тоғжановтың жауабында.
22 сәуір 2022 ж. 452 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930