Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2023: тестілеуге не алып кіруге болады

ҰБТ-2023: тестілеуге не алып кіруге болады

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ұлттық бірыңғай тестілеуге кіру талаптарын тағы бір рет түсіндірді, деп хабарлайды sputnik.kz.
"Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан "өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма?" деген сұрақ келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейін. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды", -деп жазды Руслан Емелбаев әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауат, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор бар.
Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады.
"Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздерге ыңғайлы болуы үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн" - дейді орталық директоры.
17 мамыр 2023 ж. 400 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031