Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайқалған жасыл желегі, Жанкент жердің бөлегі

Жайқалған жасыл желегі, Жанкент жердің бөлегі

Әлеуметтік ахуал артып келеді
Талай сырды қойнауына бүккен тарихи шаһардың бірі – аудан орталығынан қырық шақырым қашықтықта орналасқан Жанкент ауылы. Құтты мекен Ұлы Жібек жолы басып өтетін, түркі елдеріне ортақ тұлға Қорқыт баба бен әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби мекендеген Жанкент шаһары маңында орналасқан.
Бұл ауыл уақыт талабымен «Өркенді», «Екпінді», «Жанкент», «Чкалов», колхоздарының бірігуінен пайда болған. 1950 жылы ВКП (б) Орталық комитетінің қаулысы бойынша 4 колхоз ірілендіріп, біріктіліріп, Ф.Энгельс колхозы құрылды. Колхоздың басқармасы болып Әбілда Тобаев сайланды. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын дамыту үшін колхоз мүшелері аянбай еңбек етеді. Сол жылдары күріштен мол өнім алған колхоз мүшесі, есімі елге етене таныс дихан Иса Жарылқағанов «Ленин» орденімен марапатталады.
1963 жылы Ф.Энгельс, М.Горький және Жданов колхоздары біріктіріліп, Ф.Энгельс совхозы құрылып, орталығы Қожабақы елді мекенінде болды. Жанкент ауылы Ф.Энгельс совхозының бөлімшесі болып жұмысын жалғастырады. 1968 жылы КПСС орталық комитетінің қаулысымен Ф.Энгельс совхозынан бөлініп, өз алдына дербес Өркендеу совхозы болып құрылады.
2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы, Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен Өркендеу ауылының атауы «Жанкент» ауылы болып өзгертілді. Округтегі 319 отбасында 1330 адам тұрады. Бұнда ауыл әкімшілігі, 250 оқушыға арналған мектеп, 90 орындық «Аққоян» бөбекжай-балабақшасы, 150 көрерменге арналған ауылдық клуб, күндізгі стационарлық-амбулатория, малдәрігерлік пункт, кітапхана, почта, сервистік таза ауыз сумен қамту бекеті, жасанды спорт алаңы халыққа қызмет көрсетеді.
250 орынға арналған, 2009 жылы типтік жобада салынған №104 орта мектеп жұмыс істейді. 1992 жылы пайдалануға берілген, 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен №5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасының 4 тобында 90 бала тәлім алуда.
2018 жылы жекешелік-әріптестік негізде салынған Жанкент ауылдық амбулаториясының күндізгі стационарда 11 адам емделеді.
Сондай-ақ ветеринариялық пункт бөлімшесі және ұзындығы 5 шақырым болатын, қуаттылығы 21,225 шақырым Өркендеу топтық су құбыры бар.
Жанкентте 1989 жылы салынған ауылдық клуб 150 көрерменге қызмет көрсете алады. Өнер ұжымында ән, би, драма, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Осы ғимаратта орналасқан рухани мәдени орынның бірі – ауылдық кітапхана қоры 27005 кітаптан тұрады.
Ауылда бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлінген. Осы бағытта салынған спорт алаңы 2012 жылы пайдалануға берілді. Бүгінде тұрғындардың 32 проценті бұқаралық спортпен шұғылданады.
Халықты иман мен бірлікке шақырып, туралыққа тәрбиелейтін, 50 адамға арналған «Жолмырза-Ата» мешіті 2010 жылы, халықтың күшімен және Жолмырза ата ұрпақтарының демеушілігімен салынып, пайдалануға берілді.
– 2015 жылы 108345,0 мың теңге қаржыға Орталық саябақ пен Жастар бағына абаттандыру жұмыстары жүрді. Ауылға кіре-беріс қақпа салынды. «Ер-есімі, ел-есінде» ескерткіш тақтасы қайта жаңғыртылды. Жастар бағына іс-шара өткізілетін сахна, Бик-Бен сағаты орнатылды. Ауыл тұрғындары демалатын орындықтар қойылып, жолдарға тас төселді.
Ұлы Отан соғысынан оралмаған, тылда еңбек еткен және халық шаруашылығын көтеруде қажырлы еңбек еткен, 500 ауыл азаматтарының тізімі мәрмәр тақтаға жазылып ілінді, – дейді ауыл әкімі Қожахмет
Кәсіпке келушілер көбеюде
Биыл ауылдық округ бойынша 70 кәсіпкерлік субьекті аудандық Кірістер басқармасына тіркелген. Оның ішінде 11 шаруа қожалығы, 1 өндірістік ауылшаруашылығы кооперативі, 4 аралас заттар дүкені, 1 наубайхана, 1 тігін цехы, 2 маршруттық автобус, 4 такси, 21 жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен, 25 әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен айналысады 2023 жылдың бес айында жаңадан 11 жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелді.
2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасымен оқуға 15 ауыл жастары және әлеуметтік осал топқа жататын бір ІІІ- топ мүгедегі барлығы -16 адам «Еңбек КZ» порталы арқылы электронды тіркелуге құжаттары дайындалып оқыды. 16 үміткердің 5- ауыл жасы және 1- ІІІ топ мүгедегі, барлығы 6 адам жобаларын сәтті қорғап, 1млн 200 мың теңге мемлекеттік грант қаражатын жеңіп алды. Қазіргі уақытта әр сала бойынша өз жеке кәсіптерінен нәсіп тауып отыр.
Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік палатасы МФО «Атамекен» арқылы бір ауыл тұрғыны құны 3 млн теңгені құрайтын мал шаруашылығы жобасымен, бір ауыл тұрғыны 4,7 млн теңгеге жылқы шаруашылығы бойынша «Сырдария-1» ЖШС арқылы несие қаражатын алды. Бір ауыл тұрғыны Ауылшаруашылығы қолдау қоры арқылы 2,3 млн. теңге Барлығы -10 млн теңге несие қаражатын алды.
Жұмыссыздық жайы да жолға қойылып келеді
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа - 40 адам қабылданды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы жанұя саны -2, Әлеуметтік жұмыс орыны бойынша бір кәсіпкерлік субьекті бір жұмыссыз адамды жұмыспен қамтыды. Жастар тәжірибесіне - №104 орта мектебіне 1 мамандық (бастауыш, пән мұғалімі) бойынша, №5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасына 1 оператор мамандықтары бойынша барлығы -2 жас маман жұмыспен қамтылды.
– Біздің ауылдың адамдары кәсіпке бейім. Жаңашылдықты тез меңгеріп, қоғамға лезде бейімделеді. Осы жылдың 5 айында бір ауыл тұрғыны ауылшаруашылығы несие корпорациясы арқылы -3,5 млн. теңге, екі ауыл тұрғыны Өңірлік инвестиция орталығы арқылы «Іскер» бағдарламасымен -8,6 млн. теңге, барлығы -12,1 млн. теңге несие қаражатын алды. Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиелеу бойынша екі ауыл жасы жобаларын тапсырып несие қаражатын күтуде, – деген ауыл әкімі 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру негізінде атқарылған жұмыстарға да тоқталды.
Ауыл әкімінің айтуынша бұнда атаулы әлеуметтік көмек алушы жанұя саны -2, Әлеуметтік жұмыс орыны бойынша бір жұмыссыз адамды жұмыспен қамтылған. Жастар тәжірибесіне – бір жас маман жұмысқа жіберілген.
Шүбі шүйгін шұрайлы мекен
Аталған ауылда ауыл шаруашылығы саласыда өркендеу келеді. Қазіргі уақытта округ бойынша Ірі қара малдың басы 2191 болса, уақ мал-3196 бас, жылқы- 1549 бас, түйе-89 бас, құс -200 бас есепке алынған.
Өткен жылы ауылдық округ бойынша «Жанкент-Агро» ЖШС 330 гектар күріш дақылын егіп, әр гектардан 43,9 центнерден, барлығы -14487 центнер,
«Мерей» шаруа қожалығы 280 гектар егіс егіп, әр гектардан 35 центнерден барлығы -9800 центнер және «Сыр маржаны» ЖШС филиалы 330 гектар күріш дақылын егіп, әр гектарден 17 центнерден барлығы -5610 центнер өнім алған.
Ағымдағы жылы ауыл тұрғындары «Қайық жол» учаскесінен 15 гектар жерге көкөніс –бақша дақылдарын егіп, артылған өнімдерін Әйтеке би кентіндегі сауда орындарына сатыпты. Сонымен қатар «Айдәулет» шаруа қожалығы елді мекен тұрғындарын табиғи шөппен (пресс) қамтамасыз еткен.
– Ауылдық округ бойынша 5 бұлақ құжаттандырылып, оның ішінде ауыл тұрғындарының тұрмыс тіршілігіне қажетті елді мекеннің солтүстік беткейіндегі, Ә.Тобаев көшесі бойындағы және оңтүстік-шығыс беткейдегі, бұрынғы ферма аумағындағы су өткізу қабілеті нашар күйдегі барлығы - үш бұлақты қазу жұмыстарын жүргізуге жобалық-зерттеу жұмыстары (ПИР) құжаттары дайындалып, аудандық ауылшаруашылығы бөліміне өтінім тапсырылды.
Ауылдық ветеринариялық пункт қызметкерлері тарапынан жоспарланған диагностикалық зерттеулер мен профилактикалық іс-шаралар кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді.
Ауыз толтырып айта кетер жайт, №104 орта мектепті әр жылдарда бітірген түлектердің күшімен ауылдық мешіт жанынан 150 орындық асхана, қараша үй салынған. Сондай-ақ «Киелі мекен Жанкент» аталған ескерткіш белгіде ауылдың әлеуетін көтеруде аянбай еңбек етіп, тер төккен 514 азаматтың тізімі мәңгілік тақтаға жазылып қойылыпты.
Осы жылдың тағы бір жағымды жаңалығы – Орталық саябақ ішінен ашық аспан астындағы жаттығу құрал жабдықтары орналастырылатын болады.
Сонымен қатар, Жанкентте туып өскен Ұлы ойшыл Қорқыт баба, би және батыр Сырлыбай Шабақұлы, академик, медицина ғылымының докторы Бегалы Әйтмембетов және қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебайұлының жас ұрпаққа өнегелі, өсиет сөздері тұрғындар көп жиналатын «Орталық саябаққа» аллея ретінде орналастыру жоспарда бар.
Осыдан екі жыл бұрын Ж.Байқадамов, Ғ.Мұратбаев көшелеріне асфальт, Сарыкөл және Жылуан көшелеріне қиыршықтас төселіп, 62262,6 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы ұзындығы 1,0 шақырым Жанкент көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжаттары жасалған.
Қазалы ауданының елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету іс-шара жоспарына сәйкес, Өркендеу ауылдық округінде 2023 жылға электр желілерінің ұзындығы 14 шақырым ішкі желі, 4 дана трансформаторларды және 2,2 магистральды желілерді аудандық электр торабы тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Елді мекен бойынша 9 көшенің 6 көшесі асфальтталған, 2 көше қиыршықтасты. 1 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Елді мекен бойынша жасыл белдеулер орналастырылып, ауыл тұрғындары бақша –көкөніс дақылдарын егіп, өз-өздерін қамтамасыз етіп отыр.
Дарындылар мен дарабоздардың кіндік қаны тамған қасиетті өлке өркендеп, дамудың даңғыл жолына түскен. Көркі көз тартар ауыл саф ауасымен де жанға жайлылық сыйлайды. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен ынтымақтығы сырттан келген кім-кімге де анық байқалады. Бұнда елім деп жүрген ерлер жетерлік. Туған жердің тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды осы ауылдан табасыз. Тап-таза, жап-жасыл айналаға зер салып, терең тыныс алғанда тынығып қаласыз. Осы орайда тіл ұшына «Жайқалған жасыл желегі, Жанкент жердің бөлегі» деген тіркес еріксіз орала кетеді.
ҰлболсынТАЛАПБАЕВА
16 мамыр 2023 ж. 125 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930