Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет төрінде – ардагерлер ұстаздар

Құрмет төрінде – ардагерлер ұстаздар

Қ.Күлетов атындағы №92 мекепте «Дарқан көңіл, дария ой, дара шыңдар» деген атаумен аудандағы білім саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Басқосуда мектеп пен ардагер ұстаздардың байланысын көрсетіп, бірлескен жұмыстар таныстырды.
Шара барысында ардагер ұстаз Сәлия Рысқұлованың «Сәулелі ғұмыр» отбасылық кітабының тұсауы кесілсе, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Марат Мамайұлының есімі «Зияткерлік ойындар» клубына берілді.
Білім ұясындағы ардагерлер үйі 2019-2020 оқу жылдары ашылған. Онда ұлағатты ұстаздардың өмір жолынан сыр шертетін стендтер қойылған. «Болашаққа тер төккен білімнің бағбаны» тақырыбында «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің иегері, Қазақ СССР оқу министірлігінің «Құрмет грамотасымен марапатталған Ақихат Ниязоваға арналған арнайы тақта бар. Сондай-ақ «Ұстаздар жолы – ұлылық», «Қалдырған ізің мәңгілік» атты тақтайшаларда мектептің ардагер ұстадарының суреті ілінген. Ал, спорт шебері Марат Мамайұлының атындағы кабинетте ұстаз шыққан шың мен бағындырған белестерін дәлелдейтін марапаттар мен кубоктар қойылған.
– Марат Мамаев Ү.Түктібаев ауылында туған. Ол орта мекепті бітірген соң Мәскеу жерінде Отан алдындағы борышын өтеген. 1980 жылы Қарағанды қаласындағы дене тәрбиесі және спорт техникумына оқуға түсіп, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шығады. 1975-1976 жылдары Қазалы қаласындағы №11 спорт мектебіне бокстан жаттықтырушы болып қабылданған. Кейін №92 мектепке ауысып, дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Білікті ұстаздың шәкірттері үнемі аудандық, облыстық спартакиадаларда жеңіске жетіп, жүлделі орындар иеленуде.
Марат Мамайұлы Білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Білім беру ісінің үздігі атағын иеленді. Бірнеше рет аудан, облыс әкімдерінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын алды. Біз мұғалімдерімізбен мақтанамыз. Оқушыларымызда біліммен қатар спорттық сайыстарда, қоғамдық шараларда өте белсенді. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақы» деген білім ордамыздан әлі талай таланты, дарынды ұл-қыздардың түлеп ұшарына сенеміз, – дейді мектеп директоры Баян Ниязова.
Бұл күні қонақтар мектептің Акт залында мектеп театрының «Абай» спектаклін көріп, жас өнерпаздардың ән шашуын тамашалады. Шара соңында ардагер ұстаздар мектеп ауласындағы «Ардагерлер аллеясында» ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 мамыр 2023 ж. 190 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 76

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 125

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 132

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 95

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031