Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан прокуроры партия алаңында жеке қабылдау өткізді

Аудан прокуроры партия алаңында жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазалы ауданының прокуроры Дарын Әбіш бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан алимент өндіру, аудандағы букмекерлік кеңселер мен ойын орталықтарын жабу және алаяқтық істер бойынша өтініштер айтылып, сондай-ақ жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер тақырыбында сауалдар қойылды.

Қабылдау барысында айтылған өтініштермен толықтай танысқан аудан прокуроры шешілу жолдары аясында кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстарын жасады. Сонымен қатар бірқатар өтініштерді өз бақылауына алып, алдағы уақытта тиісті жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Айта кетейік, жеке қабылдауда шалғай орналасқан ауыл тұрғыны ZOOM бағдарламасымен байланысып, талап-тілектерін жеткізді.

#AMANAT
14 сәуір 2023 ж. 503 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031