"Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жүргізілді

Мониторинг барысында анықталғаны бірқатар мекемелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптасқан. Олар үшін пандустар, шақыру нүктелері мен арнайы қабылдау үстелдері т.б қажетті заттар қарастырылған.
Сонымен қатар, зерделеу жұмыстары барысында пандустардың құрылыс нормасы мен ереже талаптарына сәйкестілігі назарға алынып, талапқа сай келмейтін мекемелерге ескерту жасалып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары өз жалғасын табатын болады.