Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қымбаттаса жағармай, аш өзегің талардай...

Қымбаттаса жағармай, аш өзегің талардай...

Бірер апта бұрын Заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларына қарамастан Энергетика министрлігі Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығына байланысты жанармай әлі де елден заңсыз тасымалданып жатқанын хабарлаған еді. Бұл бір өзгерістің боларын аңғартқан. Көп ұзамай Энергетика министрлігі отандық жанар-жағармай нарығы мен көршілес елдердің нарықтары арасындағы баға алшақтығын азайтуды көздеп, жанар-жағармай бағасын көтерді.
Ендігі уақытта АИ-92 және АИ-93 бензиндері литріне орташа есеппен 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін сатылады. Бұл баға өсімінің 11 процентін құрайды. Сол сияқты дизель отынының бағасы да литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріліп, орташа есеппен 20 пайызға өсті. Мұның себебі – жалғыз. Қарапайым тілмен айтқанда, Қазақстан жанармай тапшылығына ұшырауы мүмкін. Бұған көрші елдердегі жанармай бағасының жоғарылығы тікелей ісер етеді. Мысалы, Ресейде дизель отынының литрі 345 теңгеге дерлік (Қазақстаннан 45%-ға қымбат) сатылса, Қырғызстанда бұл отын 64%-ға қымбат – литрі 390 теңге. Өзбекстандағы баға тіптен жаға ұстатарлық – литріне 480 теңге, 101%-ға жоғары.
Әлихан Смайылов пен бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ұсынған үкімет бұл шешімнің оңай болмағанын және мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын бірауыздан мәлімдеп отыр. Бұған қоғам әртүрлі реакция білдірді – біреулер түсіністік танытып, бітімге келгендей болды, ал екінші топ ызаланып, құнын өсірмеуді талап етті. Шындығында, Қазақстан елден отын экспортымен біраз уақыттан бері күресіп келеді. Қаңтар айында билік бензин мен дизельді экспорттауға тыйым салуды 2023 жылдың ортасына дейін ұзартты. Одан кейін жанар-жағармайды барлық көлік түрлерімен экспорттауға толық тыйым салуды енгізуді ұсынды. Көп ұзамай соң ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Мәселенің күрмеуі шешілген сияқты еді. Бірақ азаматтар салынған тыйымдарға қарамастан елден тонналап отын экспорттай бастады. Әсіресе, Өзбекстан мен Ресейге тауар тасығандар пайданың астында қалды. Мәселен, павлодарлық азамат ақша тапқысы келіп, АИ-95 маркалы бензинді Тәжікстанға апармақ болған. Бірақ ол ұсталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай мысал өте көп.
Алайда Ақшолақов жанар-жағармай құнының қымбаттауы басқа тауарларға әсер етпейтінін сол күні айтқан еді.
– Егер 2021 және 2022 жылдардағы статистиканы қарасақ, жанармай бағасы өзгерген жоқ. Бірақ тауарлар осы уақыт ішінде бірнеше есеге қымбаттады, – деді ол.
Сауда министрлігі де сенімді түрде осыған ұқсас пікір білдірді. Ведомство басшысы Серік Жұманғарин еліміздегі көптеген өндірушілердің бензинмен де, дизельмен де жұмыс істемейтінін, көліктері газбен жүретінін айтып отыр. Жұманғарин газ бағасының өспегенін, соған сәйкес азық-түлік бағасы да тұрақты болатынын мәлімдеді. Бірақ бұған сенбейтіндердің қатары қалың. Себебі азық-түлік заттарының бағасы жылына бірнеше рет қымбаттап отыр.
– Үкіметтің сөзіне имандай сенгіміз келеді. Бірақ халықаралық дәлізбен тауар тасып жүрген көліктер дизель, бензин отынымен тапсырыс орындайды емес пе? Газ қондырғысы болған күннің өзінде артық пайда табу үшін қымбат жанармайдың шығынын көрсетеді. Сол себепті билік шынында азық-түлік бағасын тұрақты ұстағысы келсе, осындай тапсырыс орындайтын жүк көліктеріне бақылауды күшейту керек деп санаймын. Ақыры бензин бағасын түсірмейтіні анық емес пе? – дейді кент тұрғыны Толысбек Ыдырыс.
Шынына келгенде, кәсіпкерлердің басым бөлігі әсер етуші факторлардың өзгерісіне байланысты тауар бағасын құбылтып отырады. Бүгінгі күні Үкіметтің құзырынан тыс баға өсім алып, тауарларда жетіспеушілік байқалса бұл бақылаудың өз дәрежесінде жүргізілмегенінен екені анық.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 сәуір 2023 ж. 100 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 102

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031