Ақсақалдар азайып бара жатыр
– Күн жылып, мына жерде адам қарасы қалыңдаған екен, – деп Нұржамал апай иегімен саябақты изеді.
– Иә, әсіресе балаларға жақсы болды. Бұрынғыдай сабақтан қас қарая шықпайды. Ойнауға уақыт жеткілікті, – деп әріптесін құптай сөйледі Құралай.
Жұмыстан қайтқан қос ұстаз саябақ ішімен көшенің арғы басына өтпек болды. Бір сәт дарақылана күлген дауысқа екеуі бірдей селт ете қалды. Қайдан шыққанын лезде ұқпай жан-жақтарына алақтады. Балалардың күлкісіне ұқсамайды. Тым ерсі әрі кекесінді. Құралайдың көзі шеткірек тұрған тал түбіндегі скамейкада отырған ересектерге түсті.

– Мына кісілер екен ғой. Өздері күліп отыр ма әлде керісіп отыр ма? Шошып кеттім, – деді сұраулы жүзбен.
Отырғышта отырғандардың жасы алпысты алқымдап, кейбірі екі-үш жылда жетпістің желкенін тартып мінетін жаста. Алайда қарттық қадірлерін қашырып алғандар.
Бір-біріне анайы әзілдеп, ұртына насыбайды толтырып алып, шырт-шырт түкіріп отыр. Айналаны сөзімен де, ісімен де ластап, жағалай ойнап жүрген балаларға жағымсыз қылық көрсетуде. Бұлар қынжылып қалды.
– Осылар ақсақалдықтан ада. Күндіз-түні карта ойнап, өткен-кеткенді сөз етуге ерінбейді. Оқушыларға үлкенді сыйла, алдынан кесе өтпе деп құлағына құямыз. Үлкендеріміздің үлгісі мынау...
Нұржамал әңгімесін аяқсыз қалдырды. Сірә, айтарға сөз таппаса керек.
Бірнеше минут екі ұстаз үнсіз қалды. Екеуін де: «Кешегі батыр бабалар, аузы дуалы ақсақалдар, қазынаға толы сандықтай өнегелі сөздерден өрнек құратын қариялар қатары сиреп бара жатыр. Болашақта қалай болмақ?» деген сауалға жауап іздеп келеді.
PS: Бүгінде бата беретін қарттан, шала-пұла шал көбейді. Бата демекші, алдыңғы күні ауызашарда болдық. Ас ішіліп, дастарқан жиылар сәтте бата жасау рәсімі бұйырған арамыздағы үлкен ер кісінің қипақтап, «Ал, не айтамыз? Осындай отырыстар көп болсын», – демесі бар ма?! Не жыларымызды, не күлерімізді білмей қалдық.
Ақсақалдың бәрі ақылсыз деуден аулақпыз. Дегенмен орамды ой, пайымды пікір білдіре алатындары аз. Тіпті кейбірі көшеде көрінгенге қутыңдап, орынсыз қалжыңдасып жатады. Осындай олқылықтарды көргенде әдемі қартаюда өнер деген сөз ойға еріксіз оралады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА