Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн жүйесінің маңынан Жерге ұқсас өмір сүруге қолайлы планета табылды

Күн жүйесінің маңынан Жерге ұқсас өмір сүруге қолайлы планета табылды

Фото: pixabay.com
Соғы жиырма жыл ішінде жердегі обсерваториялар арқылы жиналған бақылау деректерін талдай келе, астрономдар өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін әлем – Gliese 251 c (GJ 251 c) атты супержұлдызды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ғаламшар Жерден шамамен 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан қызыл ергежейлі жұлдызды айналып жүреді және өмір сүруге қолпайлылық тұрғысынан ең перспективті нысандардың бірі болып саналады.
Массасы Жерден ауыр, бірақ Нептуннан жеңіл тас ғаламшарлар санаты супержерлер деп аталады.
Әдетте мұндай планеталар жоғары металдылығы бар жұлдыздардың маңында түзіледі. Яғни құрамында гелийден ауыр элементтер – магний, темір және кремний бар жұлдыздарда. Алайда металдылығы төмен, М-типті күңгірт жұлдыздар – қызыл ергежейлілердің айналасында супержерлер сирек кездеседі.
The Astronomical Journal журналында жарияланған ғылыми жұмыстың авторларының айтуынша, супержер GJ 251 c ерекше жағдайда орналасқан. Жұлдызға жақындығы мен орбиталық ерекшеліктерінің арқасында оны жаңа буын телескоптарымен, мысалы, аса үлкен телескоппен (ELT), отыз метрлік телескоппен (TMT) және алып Магеллан телескопымен (GMT) тікелей суретке түсіруге мүмкіндік туады.
Алдағы зерттеулер бұл планетаның атмосферасын, климатын және өмірдің пайда болуы үшін қажетті жағдайларды егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Егер ғалымдардың қорытындылары расталса, бұл әлемде тіршілік белгілерін тікелей іздеуге болады.
27 қазан 2025 ж. 91 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031