Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәттіге талас

Тәттіге талас

– Мынау қайтеді ей өңмеңдеп. Кезегіңе қарасаңшы.
– Бүгінгі жастарда ұят жоқ...
– Ау, апалар мен өтіп кетейін затымды алып болған адаммын.
– Мені неге итересіз? Тіптен азық-түлік алуға келмегем...
Жан-жақтан жамыраған халықтың арасынан кассадағы кіп-кішкентай қара қыздың тек төбесі көрініп тұр. Сырттан қарап тұрған адамға тым ерсі. Дап дардай әйелдерден бастап, жастар, керек десеңіз ер кісілер де кассаның кезегінде керілдесуде. Елуді еңсеріп қалған азамат даурыққандарға қарап: «Бұларға тағы не жетпейді қалды екен» – деп тосырқап тұр. Дүкен ішінде зыр жүгіріп жүрген жұмысшы жігіттердің біреуін тоқтатып: «Балам, не болды? Аппараттарың ақша қабылдамай қалды ма? Жұрт шулап кетті ғой» – дегені сол еді. Жұмысшы жігіт жұлып алғандай: «Ой аға, қантқа таласып жатыр»,– деді де жылдам басым өзінің жауапкершілігіндегі сөрелерге жеміс-жидектерді орналастыра бастады.
Ер адам жоқ іздеген жандай жан-жағына жалтақтай қарады. Бағана дүкенге кіре берісте ме, әлде сәл әріректе ме екен қап-қап қантты көзі шалғаны бар. Апырай соның бәрі лезде өтіп кеткен бе? Бес келілік керек пе, он келілік керек пе тау болып тұрған тәтті түгесілуі мүмкін емес.
– Өтінем айқайламаңыздар. Қант бар, шектеп сатылмайды. Қалаған мөлшерде ала аласыздар, – деп шырылдаған шынашақтай қыздың сөзіннен кейін жамыраған жұрттың көңілі жайланғандай болды. Адамдар касса алдынан алыстап, супер маркет ішін емін-еркін аралай бастады.
Тұрғындардың тәттіге таласуының жөні бар. Ел арасында «Енді қантты бір адамға бір келі ғана сатады екен. Бағасы бұдан әрі шарықтайтын көрінеді» деген сөздердің желдей ескені рас. Көңілі алаң халықтың азық-түлік дүкеніндегі әрекеті осы қауесетке тікелей байланысты болса керек.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
28 наурыз 2022 ж. 517 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930