Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тозығы жеткен инженерлік желілер жаңартылмақ

Елімізде тозығы жеткен инженерлік желілер жаңартылмақ

Елімізде 146 мыңнан астам шақырым инженерлік желіге жөндеу жүргізу қажет. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz.
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес тарифтік саясатты реформалау аясында электр, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге бағытталған жұмыс басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және осы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді, – деп мәлімдеді ол.
Қуантыровтың сөзінше,ол үшін инженерлік 146 мыңнан астам шақырым желіге жөндеу жүргізу қажет.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Осыған байланысты, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықталған, табиғи монополия субъектілері растайтын құжаттары бар өтінімдер ұсынылады, – деді ведомство басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қуантыров кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды ұсынды.
04 сәуір 2023 ж. 213 0

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 15

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 52

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031