Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
Тестілеу 3-22 сәуір аралығында өтеді.2023 жылғы 27 наурызда педагогтердің білімін бағалауға (бұрынғы атауы – ұлттық біліктілік тестілеуі) өтініш қабылдау басталды. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады, деп хабарлады ҰТО баспасөз қызметі.
Тестілеуге келесі санаттарға жататын азаматтар қатыса алады:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері;
жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің басшылары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;
педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО және колледж бітіруші түлектері;
педагогикалық бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.
Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.
Еске салайық, педагогтердің білімін бағалау педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тест сынақтарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
Тест 50 тапсырмадан тұрады:
"Пәндік білім" бойынша – 30 тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" бойынша – 20 тапсырма.
Тапсырмалар формасы бойынша екі түрлі болады:
бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;
бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.
Тест тапсыруға 90 минут уақыт берілсе, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін тест 125 минутқа созылады.